Президент резиденциясы мен Әл-Фараби даңғылы арасында, «алтын» ауданда Алматы қаласындағы сәнді тұрғын-үй құрылыстарының бірі орналасқан.

«Жерұйық»: жер жанаты - деген мағынаны білдіреді.

Атауы жасаушылардың түпкі ойын білдіреді: Үйіңізді жұмаққа айналдыру, адам өмірі үшін барынша қолайлы ету. Тұрғын-үйімізді салудың мақсаты қауіпсіздік, жайлылық, жылулық және әсемділікті қамтамасыз ететін адамның ең басты қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Кешен жеті тұрғын блоктан тұрады, әрбіреуінде 1 кіреберіс орналасқан. Тұрғын-үй кешенінің барлық блоктарында әр түрлі жоспарлы пәтерлер орналасқан: бір бөлмеліден бастап төрт бөлмеліге дейін.  

Еркіндік пен жайлылықты қалаушылар ғимараттардың ең жоғарғы қабаттарында орналасқан әсем  пентхаузтардың кез келгенін таңдай алады.

Барлық пәтерлер толық телекоммуникациялық қызметтер кешенімен –жоғары жылдамдықты Интернет желісіне қол жетімдік, бейнетелефония және сандық кабельді теледидар, қазіргі заманғы орталықтан салқындату және жылыту жүйесімен жабдықталған  (тип Fan-Coil, өндіруші – «Carrier» фирмасы).

«Жерұйық» ТК тұрғындары үшін автокөліктерін қолайлы орналастыруға арналған кең үш деңгейлі жер асты көлік тұрағы салынған.

Жоғары жылдамдықты және жайлы жеделсатылар («Тиссен Круп» - Германия өндірушісі) сізді жер асты көлік тұрағы, ең төменгі қабаттан пәтеріңіздің есігіне дейін жеткізіп салады.

Кешеннің бірінші қабаттарында өзінің сәулеті мен жоспарлану концепциясы бойынша Орта Азиядағы баламасы жоқ, сауда-ойын-сауық орталығы орналасқан. Сіздің қонақтарыңыз бен келушілеріңіз үшін әрқашан тәулік бойы күзетілетін  көлік тұрағы қызмет етеді. «Жерұйық» инновациялық технологиялар мен қазіргі заман материалдарды қолдана отырып салынған. «Жерұйық» ТК Қазақстан Республикасының қауіпсіздік стандарттары мен нормаларына сәйкес келеді, бұл үй тұрғындарына өзін сенімді сезіну мүмкіндігін береді

Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін тәулік бойы пайдалану қызметінің жұмысшылары және кезекші әкімшілер қызмет етеді. Күзетшілер штаты және үздіксіз бейнебақылау бөгде адамдардың тұрғын-үй кешенінің аумағына кіру мүмкіндігін болдырмайды.

«Жерұйық»  - бұл сіздің имиджіңіз, сіздің еркіндігіңіз бен маңыздылығыңыз!

«Жерұйық» - бұл сіздің ерекшелік белгіңіз!

Тұрғын-үй ғимараттарының техникалық сипаттамасы:

  1. Құрылымдық шешімдер – Кешеннің барлық блоктары бүкіл биіктігі бойынша деформациялық жіктермен бөлінген. Іргетастары монолитті іргетас плиталары түрінде орындалған, ғимараттардың құрылысы қаттылық деофрагмалары бар қаңқа сызбасымен жасалған.  
  2. Бетон класы - В25-В30
  3. Арматура - А I және АIII, Ø10÷36 класты темірбетонды құрылымдарды бекемдетуге арналған ыстықтай домалатылған болат.
  4. Сыртқы қабырғалары –100мм тығыздамамен тығыздалған, қалыңдығы 380 мм күйдірілген сазбалшықты кірпіштен 19,900 дейін, жоғары - 100мм тығыздамамен тығыздалған стандартты блоктан жасалған.
  5. Терезелер мен витраждары – алюминий пішіннен жасалған бір камералы.
  6. Қасбеттің өңделуі – жасанды тастан (евро-стоун) жасалған (600*600*10) өлшемді сәндік өңдегіш плиткалар. Кіреберіс топтардың, пилястрлардың, қасбет бойындағы ернеулердің бағандары табиғи ақ мәрмәрдан жасалған. Терезе мен ернеулер Ресейде жасалған композитті панелмен жиектелген. Тіреуіш қабырғалар, қасбет қабырғалары +13,500 төмен өңделген табиғи гранитпен қапталған. 
  7. Тұрғын-үйлерде қоқыс жинағыш камералар қарастырылған.
  8. Шатыр жабындысы тегіс – атмосфера шөгінділерін ішкі су ағары арқылы ағызу құбыры қарастырылған, қарды еріту үшін шатырда электрлі жылытқыш қарастырылған.
  9. Кешенде барлығы 27 жеделсаты: 13 жеделсаты кешеннің тұрғындар бөлігіне қызмет етеді, сондай-ақ 14 жеделсаты және 12 эскалатор көлік тұрақтары мен коммерциялық алаңдарда қызмет көрсетеді.
  10. Жылыту және салқындату  төрт құбырлы жүйеге қосылу арқылы, «Carrier» фирмасының фанкойлдарымен жүзеге асырылады.
  11. Фанкойлдарды салқындату үшін шатырға орнатылатын, «Carrier» фирмасының салқындатқыш машиналар пайдаланылады.
  12. Кешендегі, кеңселер мен сауда бөлме-жайларындағы ауаны түсіріп-тартқыш желдету жүйесі. Тұрғын бөлме-жайларда табиғи желдетілу қарастырылған.
  13. Көлік тұрағында түтін жойғыш жүйесінен тұратын, желдету жүйелері қарастырылған. 
  14. Электрмен жабдықталуы - 5 және 6В таңбасында орналастырылған, екі трансформаторлық қосалқы станциялардан жүзеге асырылады.  
  15. Магистральдық,  топтық және жарықтандырғыш желілер ВВГнг маркалы жануды таратпайтын оқшауланған кабельдермен жарықтандырылады.
  16. Кешенде автоматты өрт сигнал беруі жасалған.
  17. Кеңсе жайлар мен көлік тұрағын өрттен қорғау үшін өрт сөндірудің спринклерлі жүйесі қарастырылған. 



 

 


архитектуралык жане
курылыс жумыстарын жургузуге
арналган №012452 - шi
мемлекеттик лицензиясы

Сату бөлімі

с 9:00 до 18:00
+7 727 262-26-26
262-25-25

E-mail: fs@atrix-stroy.kz