«Атрикс-Строй»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2002 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында құрылған. Он жыл бойы Атрикс-Строй Қазақстан нарығында - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында қызмет етіп келеді.

2003 жылы компания Маңғыстау облысының Каспий теңізі жағалауында «Кендерлі» демалыс аймағының құрылысына қатысады, құрылыстағы бірінші тәжірибесі осылай басталады. 

2005 жылдан бастап  «Атрикс-Строй» ЖШС құрылыс қызметінің барлық салаларына белсене қатыса бастайды: Қазақстанның Қала құрылысшылары одағының конференцияларына, Алматы қаласындағы халықаралық жылжымайтын мүлік және құрылыс көрмелеріне, қазіргі заманғы сәулет жөніндегі халықаралық семинарларға қатысады сонымен қатар, жергілікті және шетел мамандарының тәжірибесін пайдаланады. 

«Атрикс-Строй» ЖШС қазіргі заманға сәйкес келетін талаптар мен стандарттарға, жоғары технологиялық элиталы тұрғын-үй құрылысы деңгейіне шықты. Жобаларды жүзеге асыру барысында компаниямыз салынған тұрғын-үйдің қауіпсіз мен жайлы болуына аса зор мән береді, бұл озық құрылыс технологияларының пайдаланылуын және сапалы шикізат пен материалдардың қолданылуын шарттайды. 

2008 жылдан бастап біздің компания көзқарастары мен идеялары жаңа және қазіргі заман талғамына сай, үздік жобалаушылар мен дизайнерлерді тарта отырып, өзінің жобалау тобын құрумен қатар кеңейтуде.

Бүгінгі күні, штаты 500 адамнан асатын біздің компаниямыз жергілікті және шетел серіктестері және жабдықтаушыларымен жұмыс тәжірибесі арқылы сенімді серіктес имиджіне ие.

Тың идеялар, сенімді жобалар, сапа кепілдігі және өнегелілік – барлық серіктестермен жұмыс істеудегі негізгі ұстанымдарымыз.  

 


архитектуралык жане
курылыс жумыстарын жургузуге
арналган №012452 - шi
мемлекеттик лицензиясы

Сату бөлімі

с 9:00 до 18:00
+7 727 262-26-26
262-25-25

E-mail: fs@atrix-stroy.kz